«Тәуелсіздік ұлттық өрлеудің – ұлы күші» тақырыбында тағзым сағаты
№8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік ұлттық өрлеудің – ұлы күші» тақырыбында тағзым сағаты еліміздің егемендікке қол жеткізу жолындағы тарихи маңызын ұлықтауға арналды. Іс-шарада мемлекеттік әнұран орындалып, желтоқсан құрбандары 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Еліміздің тәуелсіздік үшін күресі, осы жолдағы батырларымыздың ерлігі мен еліміздің жетістіктері туралы баяндалды. Қазақстанның тәуелсіздік тарихын көрсететін кітаптар, суреттер мен деректер қойылып «Тәуелсіздік дәуірі», «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Ұлы дала елі», «Қазақстан тарихы», «Қазақ энциклопедиясы», «Тәуелсіздік белестері». «Еркін елдің ертеңі», «Дінмұхаммед Қонаев» т.б. кітаптарын насихаттады.