Кітапхана күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанатыЖезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасының модернизациядан кейінгі ашылу сәтінен

Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жанның табан тірер жері – кітапхана. Бүгін есігінін айқара ашып, оқырмандарын қабылдауға даяр кітапхананың қуанышты күні болды.
Биыл Гагарин көшесі, 2-үй мекен-жайындағы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, кітапхана жұмысы толық жаңғыртудан өтіп, жаңа қонысқа көшірілді.
Кітапханамыз аумағы 500,0 шаршы метрді құрайтын жаңа қонысқа көшірілді.
Күрделі жөндеу мен заманауи үлгіде қайта жабдықталған «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының лентасын қию құрметі Жезқазған қаласының әкімінің орынбасары Құсайынов Ербол Ғалымжанұлы және кітапхана қызметінің ардагері, Жезқазған қаласы әкімінің «Үкілі қобыз» сыйлығының «Жыл кітапханашысы» номинациясының иегері Асаубаева Балқия Боташқызы кесті.

Ғимарат лентасы қиылған соң келген оқырмандар мен шара қонақтары, түлеп-түрленген кітапхана ғимаратының ішіне кіріп, жаңа үлгідегі кітапханамен танысты. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі, оқу залы, абонемент бөлімі, ақпаратты автоматтандыру бөлімі, ақпаратты-библиографиялық бөлім, кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі оқырмандар үшін қызмет етеді.
Кітапхана қызметін модернизациялаудан кейін енді тегін вайфай алаңы, электронды каталог жұмыс істейді. Жаңадан коворкинг залы мен өлкетану залдары оқырмандар үшін жұмыс жасайды.
Таныстырылым біткен соң барлық қонақтар конференц-залға кіріп, «Жаңа ғимарат – жаңаша істің бастауы» атты кешке ұласты.