«Жыр падишасы – Фариза» поэзия сағаты

№8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы қазақ поэзиясының көрнекі өкілі, ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Жыр падишасы – Фариза» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Іс-шара Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналып, ақынның өмір жолы, әдеби мұрасы туралы ақпарат беріліп, оның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Оқырмандар ақынның шығармашылығындағы терең философиялық ойлар патриоттық рухты талқылады.