“Тарихтан тағлым тартқан қаламгер” тақырыбында әдеби круиз

N8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай “Тарихтан тағлым тартқан қаламгер” тақырыбында әдеби круиз өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы қаламгердің «Көшпенділер», “Алтын орда” трилогиялары, “Махаббат мейрамы”, “Ғашықтар”, “Аққу құстар қуанышы” туындыларының тарихи және әдеби маңызына тоқталды.
Оқырмандар шығармаларынан үзінділер оқып, оның тарихи деректерді көркем түрде жеткізудегі шеберлігі сараланды.
Қатысушыларға кітап көрмесі, көркем иллюстрациялар және бейнематериалдар ұсынылды.
Ілияс Есенберлиннің еңбектері арқылы қазақ халқының рухани мұрасын танытуға арналған бұл іс-шара оның шығармашылық жолын жаңаша қырынан тануға мүмкіндік берді. @korganbai_8_filial