«Қалам мен сөздің құдіреті» әдеби круиз
№2 үлгілі кітапхана-филиалында «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында өлке ақыны Сайлаухан Нәкеновтің 85 жыл толуына орай «Қалам мен сөздің құдіреті» атты әдеби круиз ұйымдастырылды. Іс-шараға №11 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Сайлаухан Нәкеновтің өмірі, қызметі, шығармашылығына тоқталып, көрмеге қойылған ақынның кітаптары мен баспа бетіне шыққан мақалалармен таныстырды. Көрмеге «Құдіретті қолдар», «Жұмақтың жолы», «Бозторғайы жанымның» кітаптары, ақынның суреті мен жары Мәкіжан Әбжанованың суреті қойылды. Оқушылар Сайлаухан Нәкеновтің «Сарыарқаның сары гүлі», «Өткен өмір термесі», «Алыстаған сайын сен…», «Ғашық болсаң…», «Әке тілеуі», «Жұмақтың жолы» өлеңдерінен үзінді оқып, өлеңдерінің тақырыбы жайлы айтып өтті. Іс-шара соңында №11 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы А.Тұрсынбай Сайлаухан Нәкеновтің сөзіне жазылған «Ұлытау» әнін орындады. Іс-шараға қатысушылар қалам иесі Сайлаухан Нәкеновті және оның шығармаларымен танысып, рухани азық алды деп айта аламыз. Жас оқырмандарға алғыс хатпен естелікке кітаптар сыйға тартылды. @ulytau_oblkitaphana @kitaphana_zhez