“Қазақ сазының сайыпқыраны” әдеби-сазды кеш

Теректі ауылдық №3 кітапхана филиалында қазақ музыкасының аса көрнекті қайраткері, композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған “Қазақ сазының сайыпқыраны” атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысып, ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығы жайында тағылымды баяндамалар жасады. Шара барысында Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі талқыланып, оның ұлттық рухты асқақтататын шығармалары ерекше атап өтілді.

Кеште кітапхана оқырмандары Сұлтанбеков Нұрлыбек “Әке туралы жыр”, Қасымбеков Керімбек “Алатау” әндерін орындап, сазгер туындыларының қазақ мәдениетіндегі маңызына назар аудартты. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы Нұрғиса Тілендиев туралы кітаптар мен деректі материалдардан арнайы көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға ұсынылды.

Осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, жас ұрпақтың қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Кітапхана ұжымы алдағы уақытта да мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.
@bib_3_terekti