“Туған жерін әнге қосқан – Ескендір” музыкалық флешмоб
“Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ-ның № 5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана – филиалы әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевке 85 жыл толуына орай “Туған жерін әнге қосқан – Ескендір” атты музыкалық флешмоб ұйымдастырды. Бұл іс шараға аулымыздың тұрғындары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс шара мақсаты қазақ музыкасының алтын қорына өшпес із қалдырған, ерекше дауыс иесі, композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін еске алып, бірге шырқау .
Музыкалық флешмобты “Назқоңыр” домбыра үйірмесінің оқушылары “Адай” күйімен ашып берді, Қатысушылар “Әдемі-ау” және “Жарқын” деген екі топқа бөлініп, әр топқа Е.Хасанғалиевтің әндерін жасырып, орындау тапсырылды. Кітапханашы А.Карибаева “Атамекен” атты кітап көрмемен таныстырып,көрмеге кітапханамызда бар ән жинақтар кітаптары мен QR – код арқылы композитор жайлы мағлұматтар қойылды. Іс шара соңы Е.Хасанғалиевтің “Атамекен”әнімен аяқталды. Бүгінгі кеш – ұлы композиторға деген құрметіміздің айқын белгісі. Оның әндері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Әнмен өрілген өмір жалғасын таба берсін! Осындай тамаша шараға атсалысқандарыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз! @kengirkitaphana