«Әр өлең – бір әлем» әдеби-сазды кеш

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында ақиық ақын, артына айырықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туған
күніне орай «Әр өлең – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті М.Мақатаевтың өмір жолына арналған «Көшеді өлең, немесе өшеді өлең» атты бейнеролик көсетіліп, ақынның өз дауысымен жазылған «Пай,пай өмір» атты өлеңі тыңдалды. Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенттері М.Мақатаевтың «Үш бақытым», «Ақиқаттың ауылы», «Сезім», «Сен бе едің?» өлеңдерін оқыды.Саз колледжінің студенттері әдемі ән-күйлерімен жақсы қөңіл-күй сыйлады. «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырылды.