«Ауған соғысының жаңғырығы» ауған ардагері және ауған тәжік ардагерімен кездесу іс – шарасы

№ 5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалы, Кеңгір мәдениет үйімен бірлесе отырып, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36-жыл толуына орай «Ауған соғысының жаңғырығы» атты ауған ардагері және ауған тәжік ардагерімен кездесу іс – шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Кеңгір ауылының тұрғыны Темірғали Әбілқасенұлы Әбілқасенов, ауған-тәжік ардагері Ғабиден Мұстафаұлы Мұстафин, №2 ЖББМ-нің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жасұлан Қуандықұлы, 5 «А», 10-11 сынып оқушылары, «Ақ әжелер» хоры және «Назқоңыр» домбыра үйірмесі, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашы А.У.Карибаева Ауған соғысы жайлы мағлұмат беріп, соғыста қаза тапқандарды еске алуға 1 минуттық үнсіздік және “Ауған соғысы жадымызда” атты бейнебаян көрсетілді. Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. “Ауғанның асуында от кешкендер” атты кітап көрме ұйымдастырылып кітапхана меңгерушісі Н.Т.Смагулова “Ауған оты шарпыған”, А.Жантасов “Жартасты жастанған жасақ”, т.б. кітаптарымен таныстырып насихаттады. Мектеп оқушылары кездесу барысында қызықтырған сұрақтарын қойып, батыр ардагерлерімізден жауаптар алды. Ауғандық ардагерлердің ойлы сөздерінен кейін №2 ЖББМ-нің 10”А” сынып оқушысы Еркемай Төленді, 11”А” сынып оқушысы Саид Хамыстханов, Алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы Жасұлан Қуандықұлы Шалдыбаевтың көмегімен “Колашников” автоматын шашып-жинау үлгісін көрсетті.«Назқоңыр» домбыра үйірмесінің оқушылары «Мереке» күйін тартып, 5”А” сынып оқушылары ардагерлерге арнау өлеңдер оқып берді. Іс-шара соңы «Ақ әжелер» хорының «Атамекен» әнімен аяқталды.
@kengirkitaphana