«Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым!» кездесу кеші

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Ауған соғысының ардагерлеріне мың тағзым!» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара
«Жауынгер хаты» көрінісімен басталды.Хатты сомдаған Саз колледжнің студенті Утебаева Аянат. Кездесу кешке Ауған ардагерлері Құлахметов Берік Қыпшақбайұлы, Райымбеков Ізбазар Қайырбекұлы қатысты.Ауған соғысында қаза тапқан батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алдық. «Ауған соғысы: Ұмытылмас тарих› атты бейнеролик көрсетілді. Ардагерлерімізге колледж студенттері сұрақтар қойып, ардагерлеріміз сұм жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.Кітапханамыздың қызметкерлері Ауған соғысы жайлы өлеңдер оқыды. Саз колледж студенттері «Халқым-ай», «Алға Қазақстан» әндерін орындады. Кітапханамыздың басшысы Анар Жамантайкызы Махмутова келген қонақтарға рақмет айтып, алғыс хаттармен марапаттады.