“Кітап рухани қазына – сыйла да,жақсылық жаса” кітапханаға кітап сыйла акциясы
№ 5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалы 14 ақпан Халықаралық кітап сыйла күніне орай “Кітап рухани қазына – сыйла да,жақсылық жаса” атты кітапханаға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: кітап оқуды дәріптеу, кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру және қоғамның рухани дамуына үлес қосу. Бұл күні оқырмандар кітапханаларға өздерінің сүйікті шығармаларын сыйлап, басқалардың да сол кітаптың құдіретін сезінуіне мүмкіндік береді. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті оятып, оларға жаңа әдеби туындыларды тарту ету – осы бастаманың ең ізгі мақсаты.Кітапхана оқырмандары: Утенова Бейсенкүл – М.Жармағанбетұлы, “Өмір іздері”, И.Бекмаханұлы,“Қарсақбайлық қайсар ұл”,
Еримбетова Гүлбақыт – М.А.Азбанбаев “Қарқабат”, Магзумов Кәдікен – Қ.Құлахмет “Ғұмыр”,Ш.Ибадатов “Кетбұқа”, Ишанова Алтынкүл – К.Әлпейсова “Қазақстан халық ертегілері”, Дайыров Жақыпбек – С.Мағауия “Жерұйық”, Е.Мұсабеков “Ақ сөйледім ақиқат алаңында”,К.Балкенов “Ұлылыққа тағзым – ұрпаққа тағылым”, “Ерлік пен елдікті жырлаймыз”, Т.Әбдіқұлов “Оң қол”, Б.Р. Амангельдиев “Амангельды”, Ш.Рахметов “Әруақты баба қойлыбай”, Б.Мырзабеков “Жеті қыз”, Б.Мырзабеков “Қос батыр”, Ғ.Жәнібеков “Ақсарай”, Ермағанбетов Сәбит – С.Мамытова “Қазақстан этностары: тарихи-этнографиялық энциклопедия” І,ІІтом сыйлады.
Кітап – уақытпен үндескен сырлас дос, жүрекке жылу, санаға сәуле құятын асыл мұра. Бір-бірімізге кітап сыйлау арқылы біз даналыққа, білімге, ізгілікке жол ашамыз! @kengirkitaphana