“Ауған асуында от кешкендер” ауған соғысының ардагерлерімен кездесу сағаты
№3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы мен N6 Теректі негізгі орта мектебімен бірлесіп Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай “Ауған асуында от кешкендер” тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу сағатын өткізді. Кездесуге ауылымыздың ардагерлері Әбдіғалиев Нұрғазы мен Берлібеков Өмірғали және N6 Теректі негізгі орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары ардагерлерге сұрақтарын қойды. Ардагерлерге Алғыс хат пен сыйлықтар тапсырылып, жылы лебіздер айтылды.
“Ауған соғысы: Өткенге тағзым, болашаққа сабақ” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды. @bib_3_terekti