“Шебер қолдар” атты сабағы

№ 5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана – филиалы “Өркен” үйірмесінің кезекті “Шебер қолдар” атты сабағын жүргізді. Іс – шараға ауылымыздың тұрғындары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Іс – шара мақсаты оқушылар мен ауыл тұрғындарының бос уақытын тімді өткізуіне, қол өнерді дамытуға ықпал ету. Әр түрлі материалдарды қолдану тәсілдері мен әсемдеудің әдістері көрсетілді. Жұмакүл апа кесте тігудің оңай жолын көрсетсе, Бейбүгіл апа кесте шашақталмас үшін матаның жан жағын көмкеріп кестелеуді үйретті. Сабақ барысында басқада қол өнер түрлері көрсетіліп оқушыларға насихатталды. @kengirkitaphana