«Ұстазым мәңгілік, жадымда жүрер жаңғырып» бейнешолу
№2 үлгілі кітапхана-филиалы Білім ісінің үздігі Ғалымжан Құрманұлы Исмағанбетовтың туғанына 85 толуына орай «Ұстазым мәңгілік, жадымда жүрер жаңғырып» атты бейнешолу ұйымдастырды. Ғалымжан Құрманұлы жайлы қысқаша мағлұмат беріліп, ардагер ұстаз Бақыт Бекенова естелік әңгімесін баяндап берді.
Исмағанбетов Ғалымжан Құрманұлы (1940-2017) Көкшетау облысы, Шолақ өзен ауылында туған. 1969 жылы Қарағанды пединститутын бітіріп, Қарсақбай кентіне мектеп мұғалімі болып келген. 1971-1973 жылдары Жезді аудандық, Жезқазған обл.партия комитеттерінің нұсқаушысы, 1974-1976 жылдары облыстық ағартушы қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы, 1976-1978 жылдары Жезқазған қалалық оқу білімінің меңгерушісі, облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1979-1981), Жезқазған облысындағы дін мәселесі бойынша өкіл (1981-1987), №2 орта мектептің директоры (1987-1990), Жезқазған гуманитарлық колледжінің директоры (1990-2006).
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі (1995ж), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен (1998ж) марапатталған.
Ғалымжан Құрманұлы облыстық білім департаменті, Жезқазған қалалық Маслихаттың, әкімшіліктің Құрмет грамоталарымен, Мақтау қағаздарымен марапатталған.
1998 жылы Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2000 жылы жастарды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі көп жылғы еңбегі үшін Жезқазған аймақтық кәсіподақ қызметкерлерінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2004 жылы Жезқазған қаласының 50 жылдық мерекесі қарсаңында көп жылғы қажырлы еңбегі, жоғарғы көрсеткіштері, қаланың қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. @kitaphana_zhez