Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,облыстық, республикалық жыр байқауларының жүлдегері «Ұлар» әдеби клубының жетекшісі Ораз Абай Амангелдіұлына арналған «Өлеңім-сен, өмір-сен, өзегім-сен» атты поэзия кеші өтті. Кешке ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Халық Алғысы» медалінің иегері, ақын, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Түсіп Ізтөлеу Бекенұлы, «Ақ жол»демократиялық партиясының мүшесі, Ұлытау облыстық мәслихатының депудаты, «Жезқанат» әдеби-мәдени клубының мүшесі Бекзат Дайрабайұлы, Сарысу ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы, ақсақал Жамсап Әшенов, «Ұлар» клубының мүшелері Ернұр Сейдахмет, Айнұр Қожахмет, Құрмет Тілеулинов, Мақпал Ермаханова және ЖЖПК колледжі мен ЖГК колледжінің студенттері мен мұғалімдері Ж.К.Жалғасбаева, Б.Шағатаева қатысты. Кітапхана фойэсінде ақынның «Бебеу», «Сенің атың –Жауқазын», «Көрген-баққан» атты кітаптары, БАҚ беттерінде жарияланған мақалалары мен өлеңдері, бірнеше Диплом, Алғыс хаттары, фото-суреттерінен көрме жасалды.

Кеште ақын Абай Ораз жайлы «Өлеңін сөзбен өрнектеген»атты бейнебаян көрсетіліп, жоғарғы буын ақын-жазушылар, оқырмандар ақын жайлы құттықтау сөз қозғап, «Ұлар» әдеби клубының мүшелері және ЖезУ-дің КЯЛ 22-01 тобының студенттері мен ЖГК колледжінің БМ-20, БМ-10 тобы студенттері жырдан шашу шашты. Сондай-ақ, экраннан ақын Абайдың ұстазы, ғалым Азат Бабашев, ақын Қалқаман Сарин мен замандастары-ақын Толқын Қабылша, ақын Жанат Жаңқаш, ақын Айдын Байыстың орамды ойлары жеткізілді. Ақынды тану үшін өмірбаян емес, өлеңі сөйлеу керек. Соған орай, Баянауылдан ақын Құрманәлі Перизат «Сезімім- Жібек, төзім- Төлеген» өлеңін, ақын Толқын Қабылша «Өлмейтін өміршең рух» өлеңін оқыды. Өлеңдері ғажайып саздылығымен, бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен лирикалық наздылығымен ерекшеленген жас ақын Абай Ораз да өлеңдерін оқып, келген оқырман қауым поэзиямен сусындады. Кеш қонағы Алма Келмағанбетова ақынға арнайы «Арнау» жазып, оқып берді. Кешке Ұлытау облысының Т.Қалмағанбетов атындағы филормония әншілері Ж.Сұлтан, Б.Барақбай «Сарыарқа», «Жақсы адамым», «Ауылымды сағындым» әндерін орындап, көрермен көңілінен шықты. Сөз кезегінде ақын Абай Амангелдіұлы да өлеңдер оқып, кітапхана қорына «Көрген-баққан» кітабынан 5 дана сыйға тартты. Поэзия кешіне жиналған қонақтар, ақын-жазушылар, өнер адамдары жас ақын Абай Ораз Амангелдіұлына шығармашылық табыс, алдағы уақытта асқар биіктерге бастайтын сәтті қадам, өлеңдері өрге өрлей беруіне сәттілік тіледі.
Кеш соңында ОКЖ-нің басшысы А.Ж.Махмутова сөз сөйлеп, ақынға «Құттықтау хат»пен естелік альбом табыстаса, ақынның өлеңін оқыған студенттер Алғыс хатпен марапатталды. «Жезқанат»әдеби-мәдени клубының мүшесі, кітапхана оқырманы Б.Есенов ақынға бата беріп, шығармашылық табыс тіледі.