“Қазақтың ұлттық ою өрнегі” ауыл әжелерімен кездесу

№4 Малшыбай ауылдық кітапхана-филиалында “Қазақтың ұлттық ою өрнегі” атты ауыл әжелерімен кездесу іс-шарасы өтті. Іс-шараға кітапханамыздың қарт, орта буын және жас оқырмандары қатысты. Іс-шараның мақсаты халықтың көркем өнеріне яғни, ою-өрнегіне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Заман ағымымен ұмыт қалып бара жатқан бабалар өнерін насихаттау. Қарт оқырманымыз Оязбекова Ишанкүл апамыз қазақтың қол өнерін насихаттап, жас оқырманның өнерге деген қызығушылығын арттырды. @malshibai.lib