«Ана деген – алтын қазық, алтын бақ» мерекелік іс шара

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана – филиалы 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана деген – алтын қазық, алтын бақ» атты мерекелік іс шара ұйымдастырды. Іс шараға кітапхана оқырмандары қатысып, ауыл тұрғыны Нұрымов Е.Н. «Ақ бантик» әнін орындап, «Ақ әжелер» мен «Назқоңыр» домбыра үйірмесінің оқушылары құттықтап өз өнерлерін көрсетті. «Кербез» би тобының кішкентай биші қыздарымен мерекелік іс шарамыз өз мәресіне жетті. Аяулы да, ардақты аруларымызды өз кезегімізде бізде құттықтап гүл шоқтарын тарту етіп, жылы лебіздерімізді білдірдік. Көктемнің шуақты күнінде келіп жеткен мерекелеріңізбен қымбатты арулар! @kengirkitaphana