«Ұлттық мәдениеттің негізі салт-дәстүр»
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.
Наурыз мерекесіне орай Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мәдениеттің негізі салт-дәстүр» атты салт-дәстүр кеші ардагер кітапханашыларымыз және кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті. Кеш шымылдығы кітапханашылар және оқырмандарымыздың қатысуымен «Жарапазан» айтумен ашылды. Жас кітапханашыларымыз Алжаппарова Диана, Сәмет Құлпынай, Кенжебай Еркеназ,Төлеубаева Рабиға «Шабыт» биін билесе кітапхана ардагері Күлаш апай шашу шашып, кітапханашы Қуаныш апай Қыдыр ата рөлін сомдап бата берді.
Кітапханашыларымыз Картаева Жазира, Таңатарова Марал, Ыбыраева Іңкәр «Жақсы адамдарым» әнін орындады.
Ортаға Алдар көсе рөлін Талап ауылдық №14 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Мұратбек Бексұлтан, Қожанасыр кітапханашы Алжаппарова Диана, Тазша бала кітапханашы Сәмет Құлпынай рөлдерін сомдады.
Ұмыт болған «Ұрын келу» дәстүрі көрсетілді.
Ұрын келу, ұрын бару – құдалық салтында қыздың әкесі қалың малдың ілу деп аталатын бөлігін алған соң алғаш рет қалыңдығын көріп, танысуына күйеу жігіттің келу мүмкіндігі.
Үлкен жеңге рөлін кітапханашы Картаева Жазира, кіші жеңге Таңатарова Марал, күйеу жігіт Жезқазған гуманитарлық колледжінің БМ-9 тобының студенті Қайыржан Ақан, жігіт жолдас Музыкалық колледждің ЭП-1 тобының студенті Ерден Шакарман, қыз Төлеубаева Рабиға, қыз жолдас рөлін Кенжебай Еркеназ сомдады.
Музыкалық колледждің ЭП-1 тобының студенті Ерден Шакарман «Ана сен бақыттысың»,жас кітапханашымыз Жақыпова Бинұр домбырамен К.Салықовтың «Дала поэмасы», әдіскер Әлкеева Гүлжан «Анаға сағыныш»,Талап ауылдық №14 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Мұратбек Бексұлтан «Гүлдерайым» әнін және «Адай» күйін тартты кешті Сүйіндікова Гүлназира «Құтты болсын, әз Наурыз» әнімен аяқтады.
Күлаш әжеміз дастархан басына наурыз көже әкелді. Наурыз көже батасын оқырман Жолаев Зәкірхан атамыз берді. Табақ-табақ ет тартылып, келген қонақтарымыз ақ тілектерін білдіріп, әннен шашу шашып кешімізді жалғастырып кетті.