Халықаралық балаларға арналған кітап күні

2-сәуір халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай Ұлытау облысында апталық басталды.
«Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында бүгін облыстық Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бала оқырмандарға арналған іс-шара өтті. Кітапхана ұжымы балабақша тәрбиеленушілеріне кітаптың маңыздылығы жайлы мағлұмат беріп, ертегілерден үзінділер қойды. Сондай-ақ, кітапханада балалар кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.

«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Мырзабеков кітапхана ұжымына құттықтау хат жолдады. Құттықтау хатта кітап оқудың баланың ой-өрісін дамытуында, сөйлеу қабілетін жақсартып, сөздік қорын көбейтуде маңызы зор екендігі айтылған.

Баланы кітап оқуға үйрету үйде ата-анадан, балабақшада тәрбиешілерден бастау алады. Бүгінгі өткен іс-шараның мақсаты да бүлдіршіндердің кітапқа қызығушылығын, құрметін арттыру.

#КітапAmanat