Мерей кітабының ашылу салтанаты

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деген болатын мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Осыған орай Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 23 сәуір «Ұлттық кітап» күні мерекесіне орай 16-23 сәуір аралығында кітапхана-филиалдарында апталық өтуде. Әр күннің тақырыптық айдары бекітіліп, бірқатар мәдени іс-шаралар өтуде. Апталықтың алғашқы күні кітапханамызда ЖИГК студенттері және №11мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары арасында ашық есік күні өтті. Апталықтың ашылуында «Ұлар» әдеби клубының жетекшісі Ораз Абай Амангелдіұлы жастарға «Ұлттық кітап» күні мерекесімен құттықтап, жастарды кітап оқып, білім алуға шақырды. Ашық есік күніне қаламыздағы академик Т.Шарманов атындағы кітап дүкені «Атамұра» баспасынан шыққан кітаптар жәрмеңкесін өткізді. Оқырмандар арасынан қызығушылықпен сатып алғаны да болды. Кітапхананың ақпаратты-автоматтандыру бөлімі дискілерден көрме, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі жаңа кітаптар көрмесі мен кітаптар инсталляциясын, ақпаратты-библиографиялық бөлімі газет-журналдар көрмесі мен өлкетану көрмесін оқырмандарға таныстырды. #ұлттықкітапкүні2025