Ұлы Жеңіс-ел бақыты
Орталықтандырылған кітапхананың оқу залында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс-ел бақыты» атты соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу кеші өтті. Кешке Соғыс ардагері Есімбай Мұсаның ұрпағы, Жезқазған Байыту фабрикасының жұмыскері Болат Мұсаұлы, Соғыс ардагері Тасмағанбетов Жапарбай атамыздың ұрпағы, арнайы осы іс-шараға Теміртау қаласынан келген Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист, есімі Қарағанды энциклопедиясына енген, бірнеше марапаттадың иегері Алтайбаева Серіккүл Жапарбайқызы және бірнеше ұрпақтары келді, Соғыс ардагері Нысамбаев Бәкен атамыздың ұрпағы- Мәдениет саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан, екі ұл,бір қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан немере сүйіп отырған бақытты әже Нысамбаева Гүлнар Бәкенқызы,Соғыс ардагері Құрманбаев Нүрпейіс атамыздың ұрпағы, бірнеше жыл бойы мектепте ұстаздық қызметін атқарған,аяулы ұстаз, асыл ана, аяулы әже Құрманбаева Гүлнар Нүрпейісқызы, Соғыс ардагері Аққошқарұлы Жүнтай атамыздың ұрпағы, «Көктем» балабақшасында 26 жыл қызмет еткен, қазір зейнеткерлікте, немере бағып отырған аяулы әже Жүнтаева Жаңылған Жүнтайқызы және Жезқазған қаласының қорғаныс істер басқармасы, әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кездесу кеші 1 минут үнсіздікпен ашылды. Абай атындағы мамандандырылған мектептің оқушылары «Рух» биін билеп, «Жаралы гүлдер» көрінісін көрсетті. Т.Қалмағанбетов атындағы филармониясының әртістері Исмайлов Руслан, Абдыхалықова Айзада әннен шашу шашты.
Соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпақтары майданда және тылда көрсеткен ерен ерліктерін еске алып, жас ұрпақтарды Отанын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында естеліктер айтты. Соғыс ардагері Тасмағанбетов Жапарбай атамыз жайлы деректі фильм көрсетілді.
Аталарымыздың соғыс кезінде көрсеткен ерен еңбектері жайлы сыр шертетін бейнебаян көрсетілді.
Кітапханашы қыздарымыз Әлия мен Мәншүк жайлы монолог оқыды.
Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандықбаева Гүлсім Серікқызы келген соғыс және тыл ардагерлерінің ұрпақтарын құттықтап Алғыс хат пен сый-сыйапат табыстады.
Кездесу кешіміз кітапханашылардың орындауындағы «Жеңіс» әнімен аяқталды.