«Мен де бір Майкелдінің баласымын» атты кітабының таныстырылымы
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында ұстаз-тәлімгер, еңбек ардагері Қабден Әбілқайырұлының «Мен де бір Майкелдінің баласымын» атты кітабының таныстырылымы өтті. Шараны ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы жүргізіп отырды. Шараға қаламыздың маңдайалды тұлғалары қатысты. «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты бейнебаян, «Мен де бір Майкелдінің баласымын» атты кітабының қысқаша таныстырылымы, «Неге солай?» фильмінен үзінді көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері сұрақ қойып, жауап алынды. Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Ғалым Мұхамедин «Гүлдерайым» әнін,Т.Қалмағанбетов атындағы филармония әншілері М.Мақсұтов А.Әлтаевтың «Ауыл» туралы, А. Сағындықов «Неге солай?» әндер орындады.
Кітапханашы қыздар «Перзент парызы» әнімен кітап таныстырылымын аяқтады. Кітапхана фоесінде «Болмысы текті азамат» атты көрмесі ұйымдастырылды.