Үздік жас кітапханашы – 2025
Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Үздік жас кітапханашы – 2025» республикалық байқауының өңірлік І кезеңі өтті.
Аталмыш байқау Қазақстанның кітапхана саласына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті қайраткер, тәжірибелі маман – Р. А. Бердіғалиеваның 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – кітапханашы мамандығының қоғамдағы беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандарды анықтап, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі атынан қатысқан Кенжебай Еркеназ Молдағалиқызы байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді.
Бұл жүлде – жас маманның кәсіби шеберлігінің, жан-жақтылығы мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі.
Жас кітапханашыға шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!
