«Қайсар рух, қайтпас ерлік»

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Қайсар рух, қайтпас ерлік» атты Ауған соғысы ардагерлері мен тағылымды сұхбат кеші өтті. Кеш қонақтары – Райымбаев Ізбасар Қайырбайұлы, Құлахметов Берік Қыпшақбайұлы және Бұхарбаев Бекен Сламғалиұлы – жас ұрпақпен емен-жарқын әңгіме өрбітті. Іс-шара бір минут үнсіздікпен басталып, ардагерлер құрметіне ән мен жыр ұсынылды. Студенттер мен оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, көрініс қойды, әсем әндер шырқалды.
Кездесу барысында ардагерлер өмір жолдары мен соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, тағылымды жауаптарымен көпшіліктің ықыласына бөленді. Кеш соңында қонақтар «Ауған соғысының жаңғырығы» атты көрмені тамашалады. Ауған соғысы – жүректе жазылмас жара, тарихта мәңгі сақталатын тағылымды кезең.