“Олжас Сүлейменов әлемі”
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына орай “Олжас Сүлейменов әлемі” атты көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ақынның поэзиялық жинақтары, ғылыми еңбектері, публицистикалық мақалалары мен зерттеу еңбектері “Сүмбіле жұлдызы”, “Аз и Я”, “Қыш кітап”, “Таңдамалы туындылары”, “Шығармалар жинағы”, “Өнегелі өмір” және т.б кітаптары қойылды.
Кітапхана оқырмандарын көрмеге келіп, көркем сөз зергерінің бай әдеби әлемімен танысуға шақырамыз!
