“Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы”

19-20 ақпан күндері ҚР Ұлттық кітапханасында “Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы” атты семинар-тренинг өтті. Аталмыш шараға Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының кітапханалар қорын толықтыру, құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бірәлі Әсел және Ұлытау облысына қарасты Жезқазған, Сәтбаев, Жаңаарқа орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары қатысты.

Семинар-тренинг – тек теория емес, нақты тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктер алаңы.
Іс-шара жаңашыл ойлауға, цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолдануға және кәсіби өсуге серпін береді.