Жаңару лебі — Наурыз келді
Кеңгір ауылында Теректі, Малшыбай, Кеңгір, Талап, Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалдарың ұйымдастыруымен “Жаңару лебі – Наурыз келді” атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында Наурыз мейрамының маңызы насихатталып, ұмыт қалып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр “Сірге мөлдіретер” көрініс көрсетілді.
Кеш аясында «Наурыз – көктемнің көрікті мерекесі» атты мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге Сейіт Кенжеахметұлы С. «Қазақтың салт-дәстүрлері», Өзбекәлі Жәнібеков Ө. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», Халел Арғынбаев Х. «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары», Зейнеп Ахметова З. «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» кітаптары мен қол өнер бұйымбарынан көрме ұйымдастырылды. Көркем өнерпаздар ән айтып, би билеп, күй тартты. Дәстүрлі шашу шашу рәсімі көрсетілді.
Іс-шара соңында мекеме басшысы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдірді. @kengirkitaphana
