21 наурыз – Ынтымақ күні
21 наурыз – Ынтымақ күні аясында Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Ғарышкерлер бақ жолында “Бауырсақ FEST” іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қазақ халқының дәстүрлі тағамы – бауырсақтың 11 түрінен көрме ұйымдастырылды. Әртүрлі әдіспен дайындалған бауырсақ түрлері қала тұрғындарына таныстырылды.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері ашық алаңда, ошақ басында бауырсақ пісіріп, тұрғындарға таратылды.
Аталған іс-шара ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге, мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға және мерекелік атмосфераны қалыптастыруға бағытталды. #наурыз #наурыз_мейрамы #наурызмейрамыкуттыболсын #кітапхана #бауырсақ
