“Қазақ поэзиясының нәзік үні” атты поэзиялық марафон
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасының кітапханашылары ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетованың 60 жасқа толуына орай “Қазақ поэзиясының нәзік үні” атты поэзиялық марафон ұйымдастырды. “Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру”
бағдарламасы “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату” кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген “Миф-о-поэзия”, “Қыш тақтадағы сына жазу” өлеңдер мен аудармалар кітабынан кітапхана қызметкерлері ақынның Төлеубаева Р “Балалық өтті, білдіңбе?!”, Кенжебай Е “ Ғажайып мекен”, Алжапбарова Д “Пері қызының ғазалы”, Сәмет Қ “Алып тауды аңсау” өлеңдерін оқыды.
