Ибрагим Бекмахановтың туғанына 75 жыл
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасы жырау, ақын, ағартушы,ҚР Жазушылар және ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ибрагим Бекмахановтың туғанына 75 жыл толуына орай виртуалды көрме жасалды. Көрмеде «Шалғайдағы емес- маңдайдағы театр..» тарихи-танымдық кітабы, «Қарсақбайлық қайсар ұл» атты деректі хикаят, «Жарық сәуле» атты ақынның өлеңдер мен толғаулар жинағы топтастырылған кітаптарына қысқаша шолу жасалды.
