Жезқазған қалалық әкімдігінің қызметкерлері кітаптармен танысуы
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру,кітапханаға оқырман тарту мақсатында стационардан тыс халыққа қызмет көрсету аясында Жезқазған қалалық әкімдігінің қызметкерлеріне кітапхана библиобусымен барып, жаңадан келіп түскен кітаптармен таныстырып, психология, философия, көркем әдебиет, тарих, поэзия және т.б бөлімдерінің кітаптары жеткізіліп, оқырман көңілінен шығып, кітапханаға оқырман болып тіркелді. Ай сайын жоспар бойынша жеткізілген кітаптар басқа әдебиеттермен ауыстырылып отырады. @jezkazgan_akimdigi @jezmadeniet
