294 дана сыйға тартылды
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абдоллаұлының тапсырмасымен Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорынан есептен шығарылған 294 дана кітап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару комитетіне қарасты №62 мекемесінде жазасын өтеушілерге сыйға тартылды.
