“Мен зорлық зомбылыққа қарсымын” атты әңгіме кеңес

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Жезқазған гуманитарлық колледжінің 3 курс студенттеріне “Мен зорлық зомбылыққа қарсымын” атты әңгіме кеңес өткізді. Іс-шара барысында әлеуметтік, экономикалық, тұрмыстық, жыныстық зорлық-зомбылық жайлы ақпарат беріліп, студенттердің біршама сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ “Зорлық зомбылыққа жол жоқ!” атты кітап көрмесі қойылып, онда “Үкілім-ай” халықаралық журналы, “Парасат”, “Заң” журналдары мен Маршалл Б. “Қиянатсыз қарым-қатынас”, Отбасы хрестоматиясы сериясынан “Балалықтан даналыққа”, Е.Ертайұлының “Баланы жазасыз тәрбиеле”, “Жұбайыңның жүрегін жаралама, жаула”, “Таным” сериясынан “Көркем мінез” сынды кітаптар студенттерге таныстырылды. Іс-шара соңы студенттерге кітапхана жайлы ақпарат беріліп, кітапханаға оқырман ретінде тіркелді. Кітапханамыздың есігі әр оқырманымызға ашық! Біздің мекен-жайымыз: Гагарин к-сі 2.