“Жырдың нәзік үні — Мәриям” атты поэзия сағаты

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хәкімжанованың туғанына 120 жыл толуына орай “Жырдың нәзік үні — Мәриям” атты поэзия сағаты өтті. Іс -шараға Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, кітапханамыздың “Жас толқын” поэзия клубының мүшелері Мәриям Хәкімжанованың өлеңдерін оқыды. Іс-шара барысында бейнеролик арқылы Мәриям Хәкімжановнаның өмір жолы мен еңбектері көрсетілді. Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенттері Әбдіқапар Мадина мен Төлеу Махфуза “Ұлы дала толғауы” және “Салкүрең” күйің орындады. Іс-шара соңында кітапханашылар “Жақсы адамдарға” атты әнімен аяқтады.