Республикалық форум
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 19-21 мамыр күндері Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет қызметкерлері мен шығармашылық сала өкілдерінің басын қосқан Республикалық форум өтуде.
Аталған маңызды шараға Ұлытау облысынан Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының басшысы Қайыргүл Тұяқбайқызы Елубекова, әдістемелік бөлім басшысы Ғалия Исламқызы Ғазизова және Жезқазған қаласы ОКЖ басшысының орынбасары Гүлназира Қайырқұлқызы Сүйіндікова қатысуда. Форум аясында мәдениет саласын дамыту, кітапхана ісін жаңғырту, тәжірибе алмасу және семинар, тренингтертер өтеді. Мәдениет саласының мерейін арттырып жүрген барша сала мамандарына шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
