Медицина қызметкерлері күні

Жезқазған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары Медицина қызметкерлері күніне орай Жезқазған жоғары медицина колледжіне барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында колледждің симуляциялық кабинеттерін аралап, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен таныстық. Арнайы оқу манекендері арқылы жүргізілетін тәжірибелік сабақтардың барысын көріп, медицина мамандарын даярлаудағы инновациялық әдістері туралы ақпарат берілді.

Танымдық экскурсия бізге үлкен әсер қалдырып, медицина саласындағы білім мен тәжірибенің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар колледж мамандары жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары, талапкерлерді қабылдау науқаны және студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат беріліді.