Домбыра – ұлттың үні
1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасы Наурыз саябағында ашық аспан астында «Домбыра – ұлттың үні» атты музыкалық сағат ұйымдастырды. Шара Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Кеш барысында күй күмбірлеп, ән шырқалып, домбыраның қоңыр үні көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Іс-шараға Жезқазған музыкалық колледжінің ұстазы Жалғас Садуақасов пен «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері қатысып, ұлттық өнерді дәріптеуге үлес қосты.
Тағылымды шара жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, дәстүр сабақтастығын насихаттады.
