meeting with Colin Guard

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Колин Гардпен кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ АҚШ пен Қазақстан арасындағы мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы айтып, жастарға арналған білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктер жөнінде ақпарат берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты. Сонымен қатар, қонақтарымыз кітапхананың жұмыс барысымен таныс болды.