Оқитын жолаушы

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасы теміржол вокзалына барып, жолаушыларға арналған арнайы “Оқитын жолаушы” атты кітап бұрышы ұйымдастырылды. Кітап бұрышына қазақ және шетел әдебиетінің таңдаулы шығармалары, көркем әдебиеттер, танымдық кітаптар ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері жолаушыларға көрмеге қойылған кітаптар туралы ақпарат беріп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы жөнінде әңгіме жүргізді. Жолаушыларға кітапхана қызметтері таныстырылып, қызығушылық танытқан оқырмандарға әдебиеттер ұсынылды.