Таза Қазақстан – таза Болашақ

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасы ашық аспан астында «Жасыл ел» жастарымен бірге «Таза Қазақстан – таза Болашақ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелер және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану тақырыптарын қамтитын әдебиеттер қойылды. Атап айтқанда, «Ауа райының құбылуы», Қ. Қайымовтың «Суасты әлемінің айнасы», «Экология және табиғат қорғау» және басқа да танымдық кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері көрмеге қойылған кітаптарға шолу жасап, олардың мазмұнына тоқталды. Қатысушыларға «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы түсіндірілді. Таза әрі көрікті ел құру тек сенбілік өткізу немесе белгілі бір аумақты тазалаумен шектелмейтіні, оның әр адамның күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігінен басталатыны атап өтілді.