Берекелі отбасы – елдің тірегі
Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапхананың оқу залында Отбасы күніне арналған «Берекелі отбасы – елдің тірегі» атты мерекелік кездесу «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы,Жезқазған қалалық мәслихаты, Жезқазған қалалық ішкі саясат бөлімі, Ұлытау облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі, «Ailin» сауда желілері, Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен өтті.
Мерекелік кездесуге Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері, металлургтер династиясы – Айтеновтар отбасы, өнегесі мен өнері жарасқан – Жакуповтар отбасы, үлгілі, зиялы, білімді – Бұзаубековтар отбасылары қатысты.
Мерекелік кездесуді Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы, «Әділет» партиясы «Әйелдер қанатының» мүшесі, қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Раушан Оңқонысқызы Қапарова құттықтау сөзбен ашты.
Кездесу еркін әрі жылы форматта өтті. Қатысушы отбасыларға бірнеше қызықты сұрақтар қойылды.
Аналар кеңесінің мүшесі, ұлағатты ұстаз Ақжарқын Ғалымқызы «Ана» монологын оқыды.
ҚР мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстарының лауреаты Перизат Несіпбаева «Әлия» әнін, кітапханашылар Картабаева Жазира, Ыбыраева Іңкәр «Перзент парызы» әнімен мерекелік кешті аяқтады.
