Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасы қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ұлы ұстаздың өнегесі» атты мәнерлеп оқу іс-шарасын №1 мектебінде ұйымдастырды.Іс-шараға №1 мектептің 10-сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ даласында мектеп ашып, білім беру ісін дамытудағы еңбегі туралы ақпарат берді.Оқушылар ұлы ағартушының өлеңдері мен әңгімелерінен үзінділерді мәнерлеп оқып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық және ағартушылық мұрасымен танысып,мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген қызығушылығы артты.Іс шара соңында кітапхана қызметкерлері іс шарамызға белсене қатысқан оқушыларға алғысхат табыстады.