Заманауи кітапхана — қоғам дамуының келбеті
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи кітапхана — қоғам дамуының келбеті» атты ақпараттық-тәжірбиелік семинар жас кітапханашылар арасында ұйымдастырылды. Семинар барысында кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы модератор Г.Х. Оспанова семинарды ашып, кітапхана ісіне қандай жаңалықтар енгізуге болатынын түсіндірді. Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Г.Ж. Алкеева «Заманауи кітапхана қандай болуы керек?», әдіскер Р.Қ. Төлеубаева «Кітапханаға қандай жаңалық енгізуге болады?», кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің басшысы Е.М.Кенжебай «Кітапхана қорын тиімді басқарудың заманауи тәсілдері: цифрландыру және есептен шығару үрдістері», оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қ.А. Елеусізова «Оқырманға қандай қызмет көрсетуге болады?», ақпартты-библиографиялық бөлімінің басшысы А.Т. Жүніс «Кітапхана жұмысындағы библиографиялық құралдардың рөлі», Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің басшысы А.А. Төлегенова квест ойынын ұйымдастырды. Семинарға кітапханамыздың жас кітапханашылары қатысып, кітапхана қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында заманауи қызметтің жаңа бағыттарымен танысып, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдырымен және түлерімен танысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
