Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН АУҚЫМДЫ ЖОСПАРЛАР

28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, елдің алдағы даму бағыттарын айқындады.

Жолдауда көлік және инфрақұрылым салаларын жаңғыртуға басымдық берілді. 2029 жылға дейін ауқымды жобаларды жүзеге асыру, сапалы жолдар салу, елді мекендерді таза ауыз су және газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмайды. Өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны, сондай-ақ 50-ге жуық білім, мәдениет және спорт нысанын салу жоспарланған. Бұл бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді.

Экономиканы дамыту үшін логистика жүйесін жетілдіру, отандық кәсіпкерлерді қолдау және бизнесті қорғау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар цифрлық трансформацияны жеделдетіп, смартфонды уақыт өткізетін құрал ғана емес, еңбек пен кәсіби дамудың мүмкіндігіне айналдыру қажеттігі атап өтілді.

Ел болашағы – бүгінгі нақты әрекетте. Инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және заманауи мемлекет қалыптастыру – ортақ міндет.