Тағдырлы тұлға, тарлан қаламгер
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша ҚР жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Тағдырлы тұлға, тарлан қаламгер» атты әдеби вернисаж ұйымдастырылды. Жезқазған қаласының музыкалық колледжінің студенті Қабыл Медет «Жезкиік» күйімен ашып берді. Қаламгердің мол әдеби мұрасын насихаттау, оқырмандардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тарихи сана мен рухани құндылықтарды іс-шара барысында насихатталды. Іс-шарада кітапхана оқырманы Жаңаберген Гүлнаурыз және Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенттері Есмурзина Әдемі, Рашидқызы Назерке, Амантай Мадина жазушының «Тағдыр», «Дарабоз», «Соңғы көш» және т/б да оқыған кітаптарымен ой бөлісті. Іс шара соңы «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесімен таныстырылып, Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Шакарман Ерденнің «Жұмақ мекен» әнімен аяқталды.
