Кітап оқитын ұлт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы жүзеге асырылған болатын. Осы жоба аясында Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасының қызметкерлері Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша кітаптары апарылып, марафонға қатысушыларға пікір жазу ережелері түсіндіріліп, жоба ережесі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кітапханамыздың оқырмандары болып тіркеліп, визиткалар таратылды.